426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы «Шапағат» базарында саудамен айналысатын азаматтарға басқа алаңдар ұсынылды

  • 127
  • UPD: 15:23, 22.05.2021
Елордадағы «Шапағат» базарында саудамен айналысатын азаматтарға басқа алаңдар ұсынылды

Елордада бос аумақтарды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.

Қала тұрғындарының жайлылығына және алаңдардың сырт көрінісін жақсартуға ерекше назар аударылады. Мәселен, елордалық «Шапағат» коммуналдық базарының жанында заңсыз сауда етек жайған. Осыған байланысты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары бұл маңайға шағын гүлзар немесе саябақ салу туралы өтініш білдірді. Аудан әкімшілігі саудамен айналысатын азаматтарға басқа жерден екі алаң ұсынды.

Әбдірахман Дәуленбаев, Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары:

– Ол Ш.Қосшығұлұлы, 14. «Джафар» сауда орталығынан 2 жер беріліп отыр. Айта кету керек, ол жерлерді тегін беріп жатыр. Азаматтардың тұрып жатқан жерлеріне ешқандай ақша төлеудің қажеті жоқ.

Хабар 24 телеарнасы