Ақсулық саунд-продюсер жаңа ремикс жазды

Иманбек Зейкенов Major Lazer триосы мен австралиялық әнші Sia-мен Titans әніне жаңа ремикс жасады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ямайка-америкалық электроникалық музыка орындайтын трио аталған ремиксті өз Instagram парақшасында жариялады. Қазірдің өзінде ол 5500 лайк жинаған.

Ремикс жазуға қатысқан тағы бір әртіс Sia (Сиа) – эмоциялық джаз және поп стиліндегі австралиялық әнші. 2014 жылы оның «Chandelier» әні «Грэмми» сыйлығының төрт номинациясын ұтып алды.