Қ.Токышев: Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру керек

Бүгін Алматыда жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жайы айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyq alany» жобалық кеңсесі мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Биыл бірнеше бастаманы жүзеге асыру жоспарланған. Әр аймақта Үкіметтік емес ұйымдар қолдана алатын ортақ база құрылады. Бұл құжаттарды дұрыс жүргізу мен құқықтық сауаттылықты көтеруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтерді пайдалану туралы бейнероликтер түсіріледі. Себебі, тұрғындар мемлекеттік қызметті пайдалану барысында қандай да бір кедергілерге тап болса, мәселені шешудің оңай жолын іздейді. Яғни, жемқорлыққа ықпал етеді. Жиынға қатысушылардың айтуынша, бірлесіп атқарған іс нәтижесіз емес.

Қайыржан Токышев, ресубликалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- 2018 жылы жоба енді жұмыс бастаған кезде бізге арыз көп болатын. 2018 жыл мен 2021 жылды салыстырсақ, үстіміздегі өткен төрт айда біздің ақпаратты, телефонымызды халық біледі. Ондай арыз түскен жоқ. Арыздың басты бағыты, көтерген мәселелері осы жаңағы мектепте немесе балабақшада қаржы жинайтыны жөнінде арыз көп түсетін.

Сондай-ақ...