426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қолөнерді жаңғыртқан Дәркембай Шоқпарұлының мақалалары жинақ болып басылады

  • 149
  • UPD: 14:03, 23.05.2021
Қолөнерді жаңғыртқан Дәркембай Шоқпарұлының мақалалары жинақ болып басылады

Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын қайта жаңғыртқан Дәркембай Шоқпарұлының ғылыми-танымдық мақалалары биыл жинақ болып басылады.

«Этнографиялық этюдтер» деп аталатын кітапқа қолданбалы өнер туындыларын жасау технологиясы енгізіледі. Темірмен жұмыс істеу әдістері, тері өңдеу тәсілдері туралы зерттеулер жарияланады. Сонымен қатар өлеңдері де жарық көреді. Аталған шаралар тұлғаның 75 жылдығына арналып отыр.

59 жасында дүние салған хас шебердің мерейтойына орай «Халық мұрасы - халық қазынасы» атты көрме ұйымдастырылады. Ұстаның ұлы Дәулет Дәркем-байұлының айтуынша қолөнер шеберлерінің фестивалін өткізу ісі де жоспарланған екен.

Дәулет Дәркембайұлы, ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры:

- Еліміздегі эпид жағдайға байланысты егер бәрі жақсы болып жатса, үлкен концерттік бағдарламамен ұштастырып, қолөнер шеберлерінің көрмесін өткіземіз. Қолөнер шеберлері тәжірбие алмасады, жастарға сабақ болады. Білмейтін нәрселерін үйренеді.

Хабар 24 телеарнасы