Қазақстанда бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 20 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен соңғы тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, хабарлайды Хабар24 ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

14 қарашадағы мәлімет бойынша 34 972 адам коронавирус инфекциясынан  емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 736 пациент стационарда, 28 236 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
503 адамның жағдайы ауыр
127 пациенттің жағдайы өте ауыр
89 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.