«Ashyq» қосымшасы мемлекет бақылауына өтті

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Бұған дейін қызыл мәртебесі бар адам өзгенің жеке сәйкестендіру нөмірін теріп, көпшілік орынға өтіп кетуі мүмкін деген мәселе көтерілген еді. Енді «Ashyq»  egovMobile-ға енгізіледі. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасында пайда болуы мүмкін.