«Ashyq» қосымшасын 1,7 млн адам пайдаланады

Қазір «Ashyq» қосымшасын 1 млн 700 мың адам жүктеп алған әрі пайдаланып жүр.

Бұл мәліметті бүгін жоба авторы Виталий Пустовойтенко әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Күнделікті жүз мыңдаған адам «Ashyq» арқылы қоғамдық орындарға барады. Қосымшаға қатысты жұмыс аяқталып, жоба толық мемлекет иелігіне берілді. Енді «Ashyq» авторлары тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен білім саласындағы цифрландыру бойынша жұмысын жалғастырады.