Үшаралға әуе рейстері сиреп, теміржол қатынасы жиілейді

Жаздың бел ортасынан бастап Алматы облысының Үшарал қаласына үлкен ұшақтар ұшпайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе рейстері әуежайдағы ұшып-қону алаңының жөнделуіне байланысты тоқтатылады. Облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшынбаеваның айтуынша, тек Талдықорған-Үшарал бағытындағы кішігірім әуе кемелері қатынайды. Талдықорған мен Өскеменді жалғайтын автомагистральдің де құрылысы бітпеген. Есесіне Алакөлдің шипалы суына шомылушыларды таситын қосымша пойыз бағыттары ашылады.

Жанар Алшынбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы:

– Біз «Қазақстан темір жолы» компаниясымен келіссөз жүргіздік. Осы жазда Нұр-Сұлтан қаласынан екі, Алматы қаласынан теміржол рейсі және жергілікті бюджеттен субсидияланатын Жетіген-Достық теміржол рейсі туристерді тасымалдауға дайын.