Батыс Қазақстан облысында үш ақылы жол учаскесі қолданысқа беріледі

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Батыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 418 шақырым болатын автожолдардың 3 ақылы учаскесін іске қосу жоспарлануда.

Атап айтқанда:

РФ шекарасы (Самараға) – Орал 195-248 шақырым;

Орал – Ақтөбе 261-526 шақырым;

Орал – РФ шекарасы (Саратовқа) 4-104 шақырым.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы аумағында 8 аралық бақылау аркасы орнатылған.

Сегіз бақылау аркасының бесеуі толықтай пайдалануға беруге дайын. РФ шекарасы (Самараға) – Орал және Орал – РФ шекарасы (Саратовқа) учаскелерінде тестілік режимде аркалар жұмыс істеп тұр, деп хабарлады QazAvtoJol баспасөз қызметі.

Ақылы жолдарды пайдалануға бергеннен кейін жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай азайғанын айта кеткен жөн. Мысалы, Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы тасжолында қайта жаңарту жұмыстарынан кейін ЖКО саны 25% азайды, Нұр-Сұлтан – Павлодар жолында жалпы апаттар саны 46% төмендеді, Қызылорда – Шымкент – Тараз учаскесінде жол-көлік оқиғалары 43% төмендеді, Павлодар – Семей – Қалбатау тасжолында ЖКО 62% азайған.