Теміртауда ұры үй иелері ұйықтап жатқанда пәтерді тонап кетті

Теміртауда ұры үй иелерін ұйықтап жатқанда тонап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

7 мамыр күні Теміртау қалалық ПБ-на қарасты Ескіқалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші азамат белгісіз біреу үйіне ұрлыққа түсіп, пәтерінен ноутбук және екі ұялы телефон ұрлап кеткені туралы арызданған. Оған келтірілген шығын көлемі 195 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері ұрлық түнгі уақытта үй иелері мен екі баласы үйде ұйықтап жатқанда болғанын анықтады. Күдікті бірінші қабатта орналасқан пәтердің ашық тұрған терезесінен кіргені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

20 мамыр күні полицияға 23 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, белгісіз біреудің бірінші қабатта орналасқан пәтеріне кіріп, құны 275 мыңға бағаланған ұялы телефоны мен қол сағатын ұрлап кеткені туралы айтқан. Анықталғандай, жәбірленуші түнде үйінің терезесін ашып қойған. Екі арызды зерделеген тәртіп сақшылары бұл қылмыстарды бір адамның жасауы мүмкін деген мәмілеге келген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бұл қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Одан алты айғақ зат тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ...