Қазақстанда фудкорттар ашылады

Елде карантиндік шектеулер жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойып, сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан фудкорттардың ашылуына рұқсат берді. Бірақ келушілер Ashyq қосымшасы арқылы денсаулығына қатысты мәліметті растауы тиіс. Бұл жүйені кәсіпкерліктің барлық түрі енгізуі шарт. Тек фудкорттар емес, кинотеатр, фитнес-орталық, монша, компьютерлік клуб, театр және туристік нысандарға ереже ортақ.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістанның әуежайлары 31 мамырдан, ал Ақтау мен Қостанай қаласының әуежайлары 7 маусымнан бастап қолданады.