Семейде сотталғандар екпе салдырып жатыр

Семейде жазасын өтеушілер коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жиырмадан астам адамға вакцина салынды. Пробация қызметі мамандарының хабарлауынша, сондай-ақ шаһарда 170 адам есепте тұр. Олар тонау, қарақшылық, алаяқтық, ауыр сынды түрлі қылмыс жасағандар.

Айта кету қажет, еріктілерге «Спутник V» және «Хаят Вак» вакцинасы қойылды.

Гузель Асықпаева, қалалық Әуезов ауданы пробация қызметінің инспекторы:

– Сотталғандардың барлығымен алдын ала әңгіме жүргіздік. Олар екпені ерікті түрде қойдырып жатыр. Жалпы қауіпті инфекцияға қарсы вакцинаны алдағы уақытта пробация қызметінің барлық құрамы алады.