Еліміздегі экологияға арналған реалити-шоуға кез келген адам қатыса алады

Қазақстанда экология тақырыбына арналған алғашқы реалити-шоу басталады. Түсірілім еліміздің барлық аймағында өтеді деп жоспарланып отыр. Қатысуға өтінішті кәмелетке толған кез келген адам қалдыра алады.

Ұйымдастырушылар 16 адамды іріктеп арасынан шын жеңімпазды анықтайды. Олардың әрқайсысы өз экожобасын ұсынуы тиіс. Реалити-шоу көптеген экологиялық мәселелерге назар аударады. Шоудың жеңімпаздары қаржылай ұтысқа ие болады. Жүйрікке 10 млн теңге, 2-орынға 5 миллион және 3-орынға 3 млн ұтыс қаралған. Жалпы жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды. Жоба инвесторлар мен серіктестерді тарту есебінен қаржыландырылады.

Медет Құмарғалиев, «ӨКМ Оператор» ЖШС Басқарма төрағасы:

- Осы реалити шоу «экомекен» деген жобаны бастағалы отырмыз. Мұның үлкен қағидасы бір нәрседе бүгінгі күні Қазақстанда сұрыптау кәдеге жарату тұрмыстық қалдықтардың проблемаларының айқындау жөнінде оның түбіне жету, ертеңгі күні бізді қандай мақсат тосып тұр деген ниетпен осы жобаны бастап отырмыз. Бүгінгі күні қарап отырсаңыз, орташа сұрыптау коэфициенті 18,6 процент. Ал Елбасымыздың берген тапсырмасы бойынша жылдағы берген жолдауы бойынша осы сұрыптау көрсеткішін 30 процентке жеткізу.

Жобаның негізгі мақсаты халықтың экомәдениетін дамыту. Реалити-шоу «Хабар» телеарнасының жаңа маусымында қыркүйектен желтоқсанға дейін көрсетіледі. Сондай-ақ, елордада эко акция өтті. Еріктілер халыққа экосөмкелер таратты.