Қазақстанда вакцина салдырғандар саны екі миллионға жуықтады

Елімізде коронавируске қарсы екпе салдырғандар саны 2 миллионға жақындады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

923 мыңы препараттың екінші компонентін алған. Қазақстандықтардың көбі Спутник V вакцинасын таңдағаны белгілі болды. Бұл екпені 1 млн 818 мың адам алды.

Ал отандық QazVac-ты 23 мың 183 адам салдырған. Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған «Hayat Vax» вакцинасын 150 мың қазақстандық ектіріпті.