COVID-19: Қазақстанда үндістандық штамм анықталған жоқ

Елімізде коронавирустың жаңа мутациясын анықтау жұмысы нәтижесінде үндістандық штамм анықталған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді халықтың 95 процентін вакциналау мүмкіндігі туса, маусым-қыркүйек аралығында індет жұқтырғандар саны 61 мыңды құрайды. 60 процент болса, 95 мыңға жетуі ықтимал. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында осылай деді. Бүгінде Қазақстан әлемде індет жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары аймақта» тұр. Бір аптада қауіпті індет жұқтырғандар саны 4000 науқасқа азайған. Елдегі инфекциялық ауруханаларда төсек орындары жүктемесі 33 процентке, жан сақтау бөлімдерінде 2 процентке төмендеді. Қазір стационарларда 12000 адам емделіп жатыр. Жыл басынан бері ауру жұқтырғандардан, дертті жеңіп шыққандар саны еселен екен.

Сондай-ақ...