Есіл өзеніне салынатын көпір Тұңғыш Президент саябағы мен жағалауды жалғайды

Биыл «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында 160 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Триатлон саябағында бөртегүл бағы, ал Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен «Астана Балет» аумағында жасыл бақ пайда болады.

Бұл қаланың қазіргі бейнесі. Ә.Мәмбетов атындағы көше жаз мезгілінде жаяу жүргіншілер үшін бұрынғыдан да ыңғайлы бола түседі. Мұнда демалыс күндері автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Себебі жол бойында фестивальдер, жәрмеңкелер және өзге де шаралар өтеді.

Нұрәділ Ғалымжан, қалалық сәулет жер басқармасының қала жоспарлау бөлімінің басшысы:

– Бұл Мамбетов көшесіне ғана қатысты емес. Жақып Омаров көшесінің жартысы жасалынып болды. Ол республика көшесінен, Әуезов көшесіне дейін жасалып, ол жерде субұрқақтары енгізіледі.

Биыл ел астанасында 1 миллионнан астам жасыл желек егіледі. Қазір қалада экоаймақтар мен «жасыл аралдар» бар. Мәселен, «Астана Опера» аумағында емен және бөртегүл бақтары пайда болды.

Рүстем Тоққожаев, «Астана көгалдандыру құрылысы» ЖШС инженері:

– Қазіргі таңда көгалдандыру жүргізіле береді. 100-ден аса адам, 25 техника жұмылдырылды.

Жуырда Есіл өзеніне көпір салынады. Ол Тұңғыш Президент атындағы саябақ пен жағалауды жалғайды.

Елнар Базыкен, урбанистика орталығының басшысы:

– Бізде қосымша жоба бар. Ж.Омаров жаяу жүргіншілер көшесінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл көше Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына дейін абаттандырылады. Жаңа субұрқақ кешені «Халықтар Достығы» монументінің айналасында салынды. Одан субұрқақпен аяқталатын жасанды ағын да жақында іске қосылады. Ағынның бойында су аттракциондарын салып жатырмыз. Яғни инсталляциялар, веложол, көлеңкелі шатырлар қойлады. Сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын да саламыз.

БЛИЦ:

– Кеше кешке келгенбіз. Өте жақсы, балаларға да, бізге де серуендеуге ыңғайлы. Бірақ маса бар. Шағым сол.

– Өте жақсы саябақ, осында бірінші рет болып отырмын.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

– Тұңғыш Президент саябағында көлеңкелі бастырмалар, әткеншектер және үш субұрқақ орнатылды. Олардың біреуі тұманды булану технологиясы бойынша жасалған. Аптап ыстықтан тұрғындарды құтқарады. Ал кешкі уақытта астаналықтар мен қала қонақтарының назарына керемет шоу ұсынылады.

Наргиз Бекмаганбетова, Ержан Рахманбердиев, Ерлан Наурызбаев