Балқаш көлінде заңсыз ауланған 6 тонна балық тәркіленді

Балқаш көлінде 1 апта бойы жүргізілген браконьерлерге қарсы арнайы операция кезінде 6 тонна балық тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ полиция қызметкерлері балықты заңсыз аулағандардан 200 шақырымнан астам ау табылғанын айтты. Бұдан бөлек, браконьерлерден 4 қайық тәркіленді. Осы деректердің негізінде Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал заңсыз ауланған балықты саудаламақ болғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.