«Жұмыспен қамтудың жол картасы» биыл да жалғасады

Бағдарлама 4 бағыт бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын арттыру көзделіп отыр. Бұл үшін 127,5 млрд теңге бөлінбек. Жиыны 139 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 7,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов осылай деді. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру аясында 22,5 млрд теңге қарастырылған. Іріктеліп алынған 5400 жоба негізінде кәсіпкерлерге 6 проценттік жеңілдетілген несие беріледі. Бұл үшін 15 микро қаржылық ұйым құрылады. Агроөнеркәсіпті дамыту тоқтамайды. Іріктелген 42 инвестициялық жобаға «Бәйтерек» холдингі мен министрліктен 100 млрд теңге бөлінбек. Өңірлердегі бизнес те назарда. Сөйтіп 6000 тұрақты жұмыс орнын құру жоспары бар. Жобаларды дамытуға бөлінген 300 млрд теңгенің 200 млрд-ы Ұлттық банктен облигациялық қарыз ретінде алынатын болады. Қазір елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 процент деңгейінде.

Сондай-ақ...