Қарағанды облысында карантин тәртібі өзгерді

Қарағанды облысында «Ashyq» қосымшасын қолданатын мейрамханалар енді түнгі екіге дейін жұмыс істей алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Банкет залдарын 50 процентке дейін толтыруға болады. Аталған өзгерістер бүгін түн жарымынан бастап күшіне енеді. Қазір облыс қызыл аймақта тұр. 1 мың 700 адам стационарда ем қабылдап жатыр, оның 79-ы жансақтау бөлімінде. 6 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айгүл Шатекова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:

– Ас беру үшін 50-ден аспайтын орынға рұқсат берілген. Бірақ адамдар жаппай қатысатын той басқа да жиындарға әлі де тыйым салынған. Көрермендермен спорттық іс шаралар 20 пайыз толғанда өткізіледі.