ШҚО-дағы Абай ауданы вакциналау бойынша көш бастап тұр

Өңірде еңбекке жарамды тұрғындардың 80 проценті індетке қарсы екпе алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізгі басымдық шалғай елді мекендерге беріліп отыр. Мәселен, Архат ауылында 900 адамның 200-і вакцина салдырды. Жалпы, Абай ауданында бұл науқанға 2 мың адам қатысты.   

Қадыр Жанбағысов, Архат ауылының тұрғыны:

– Індеттен сақтану үшін алып отырмыз, бұған дейін ауырған жоқпын, енді ауырмаймын деп ойлаймын. Барлығыңа алуға кеңес берем, алыңыздар, сақтықта қорлық жоқ.

Зарина Мұхаметжанова, емхана меңгерушісі:

– Міне, ауыл тұрғындарына, мұғалімдерге кезекпен салып жатырмыз, яғни вакцинаны алған беттен бірден ауылға келіп, халықты жинап үгіттеу насихаттау  ұмыстарын жүргізіп, екпе салып жатырмыз.