Шымкенттегі отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс жүйесін кеңейтті

Мұнда аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру де басты назарда. Орталықта аналар 6 бағыт бойынша тегін курстардан өтеді. Сенім байланыс телефоны арқылы өтінім қалдырып, кезек бойынша курстарға қатыса алады.

Айта өтсек, Шымкент қаласында көпбалалы 38 мыңнан астам отбасы бар. Ал атаулы әлеуметтік көмек 26 мыңнан астам жанұяға төленеді.

Жанат Өтебаева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары:

- Ана мен бала бірге келеді. Баламен айналысып жатқан кезде қосымша ана да өзіне өнерді үйренуге мүмкіндік бар. Шаңырақ орталығының телефондары берілген. Әлеуметтік қызметкерлер бар. Сол әлеуметтік қызметкерлерге өзінің өтінішін бере отырып, барлық ананы бірден қабылдай алмаймыз енді. Графикке сәйкестендіріп қойып, мерзімін атайды. Сол мерзімге сәйкес келіп, өзінің қызметін алады.

Сондай-ақ...