427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстандағы Бағыс пен Хиебон ауылдары Қазақстан аумағына қосылды

  • 228
  • UPD: 15:41, 25.05.2021

Өзбекстандағы Бағыс пен Хиебон ауылдары Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданына қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел премьер-министрі Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды. Нәтижесінде Түркістан өңірінің аумағы шамамен 796 гектарға ұлғайды. Осы орайда жергілікті мәслихат өкілдері Үкіметке шекараны өзгерту туралы ұсыныспен шыққан. Бұған дейін Бағыс пен Хиебон дербес ауылдар болған. Елді мекен тұрғындарының жартысы Қазақстан, ал қалғаны Өзбекстан азаматтары. Қос мемлекеттің келісім бойынша енді бұл жерлер біздің елдің аумағына кірді.

Хабар 24 телеарнасы