Павлодар облысында полиция қызметкері өзіне қол жұмсамақ болды

Павлодар облысында полиция қызметкері прокуратура ғимаратының ішінде өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Железин ауданында болды. Аға тергеуші табельдік қарудан өзінің оң жақ иығына оқ атып, жарақат алған. Абырой болғанда аман қалды. Шұғыл түрде  ауруханаға жеткізіліп, операция жасалды. Қазір жағдайы бір қалыпты. Өміріне қауіп жоқ. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Рашат Өтеуов, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Мессенжерлерде Железинка ауданының аға тергеушісі өзіне табельдік қарумен оқ атып, мерт болды деген ақпарат тарады. Полиция қызметкері аман. Шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, медициналық көмек көрсетілді.