427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында 33 жүкті әйел коронавирус жұқтырған

  • 414
  • UPD: 18:12, 25.05.2021
Атырау облысында 33 жүкті әйел коронавирус жұқтырған

Атырау облысында 33 жүкті әйел коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 24-і орташа ауыр жағдайда. 8-інің өкпесі қабынған. Ал бір жүкті әйелдің жағдайы тіпті нашар. Ақ халаттылар аянып жатқан жоқ.

Айта кетейік, мұнайлы өңірде ауру жұқтырғандар саны төмендеген. Соңғы тәулікте 36 адамның қауіпті вирус жұқтырғаны анықталды. Қазір қаладағы модульді ауруханада 161 науқас ем алып жатыр. Ал жыл басынан бері вирус жұқтырған 54 әйел босанған.

Нұргүл Оңғарбаева, қала тұрғыны:

Қазір өте жақсымын. Шүкірмін. Бірінші Алла, екінші осы кісілер, дәрігерлер. Балам, кішкентайым өте жақсы. Мамам бағып отыр, жолдасым бағып отыр. Алтыншы балам осындай жағдайда дүниеге келді. Мейірім деп қойдым атын. Мейірім шуағын шашып жүрсін әлемге. Әлемдегі жамандықтың бәрі кетсін деп.

Хабар 24 телеарнасы