Мектеп түлектері 50 жылдан кейін қайта қауышты

Маңғыстау облысында мектеп түлектері 50 жылдан кейін қайта қауышты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағыныса көріскен 15 сыныптас кездесуге ерекше дайындалыпты. Бір түсті көйлек киіп, түлектің лентасын таққан. 1971 жылы Түркменстанның Учаджы ауылындағы мектептен түлеп ұшқандар 90-жылдары ата жұртқа оралған екен. Әрқайсысы әр салада табысты қызмет етіп, немере, шөбере сүйіп отыр. Шәкірттерінің басқосуына сынып жетекшісі мен география пәнінің мұғалімі де келген. Олар өткен күндерін еске алды. Бүгінде жасы 70-ке таяған сыныптастар енді 70 жылдықта кездесуге ниетті.

Ағзия Елғазиева, Мұнайлы ауданының тұрғыны:

– Қазақтың амал наурызында көрісіп келді үйге. Сол кезде осындай шәй басында отырып, мектеп бітіргенімізге 50 жыл болып жатыр екен, соған орай бірігіп отырайық деп едім, бәрі қолдады. Содан кейін кірісіп кеттік.