427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Зашаған кентінің атауы ауыспайды

  • 126
  • UPD: 20:36, 25.05.2021
Биыл Зашаған кентінің атауы ауыспайды

Биыл Батыс Қазақстандағы Зашаған кентінің атауы ауыспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев айтты. Әзірге елдімекен тұрғындары арасында бұл мәселеге қатысты келіспеушілік бар. Бірі Зашағанға Бөкейхан, ал басқасы Алаш қайраткерлерінің есімін бергісі келеді. Әкім өңірде мұндай өзгерістер енгізуге мараторий жарияланғанын хабарлады. Жыл басында өңірдегі Теректі мен Бәйтерек аудандарындағы ауылдардарға басқа атау беру түйіткілі тұрғындар арасында қызу талқыланды. Орал қаласындағы Зашаған кентінің атауын ауыстыру туралы ұсыныс та біраз дау туғызды.

Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

– Биыл біз ешқандай шешім қабылдамаймыз. Оған екі себебі бар. Ең бірінші ұсыныс Бөкейхан атауын беру бірнеше жыл бұрын айтылған болатын. Биыл осы пікірі ортаға тастағанда басқа да ұсыныстар түсті. Алаш орданың атауын беру. Яғни біздің халқымыз екіге бөлініп қалды.

Хабар 24 телеарнасы