Қазақстанда 4 маусымнан бастап тоқпен жүретін көліктер үшін утилизациялық алымдар төленбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Заңға енуі тиіс түзетулерді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірледі. Олардың айтуынша, мұндай шара қоршаған ортаны қорғауға бағытталып отыр. Бүгінде тоқпен жүретін көліктер үшін утилизациялық алым жарты миллион теңгеге жуық. Елімізде 103 жоғары жылдамдықты электр бекеттері жұмыс істейді. Олар елордада Алматыда және Нұр-Сұлтан – Бурабай тасжолында орналасқан.