427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы хайуанаттар бағында түлкі күшіктеді

  • 123
  • UPD: 20:46, 25.05.2021
Алматыдағы хайуанаттар бағында түлкі күшіктеді

Алматыдағы хайуанаттар бағында түлкі күшіктеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лиза есімді қызыл түлкі төрт бірдей күшік туды. Зообақ мамандарының айтуынша, бұл аса сирек кездесетін құбылыс. Аналық түлкі әлденіп алғанға дейін күшіктерін тығып, көзден таса жерде бағады. Тек бір айдан соң сыртқа шығара бастайды. Халық арасында түлкінің баласын «жәутік» деп те атайды. Лиза мен Плутон есімді екі түлкі хайуанаттар бағына 2018 жылы әкелінген. Оларды тұрғындардан алған. Түлкілерге сиыр еті, бөдене, ірімшік пен жеміс-жидек беріледі. Олар әсіресе қара нанды жақсы көреді. Бүгінгі күні хайуанаттар бағында жаңа туған 4 күшіктен басқа 5 түлкі бар.

Ұлданай Сайлаубаева, хайуанаттар бағының зоотехнигі:

– Ағзасын жақсарту мақсатында тышқан береміз. Морская свинка деп атайды. Негізі түлкілер 4-ке немесе олардың жәутіктері 13-ке дейін жетуі мүмкін. Көріп тұрғандарыңыздай 4 түлкі туылды. Біреуі күлгін түстес. Үшеуі қою қоңыр түсті. Қазір біз оларды қолға үйрете бастадық. Біз туған жануарларды туған сәттен бастап қолға үйрете бастаймыз. Тағамдарды қолмен береміз деген сияқты.

Хабар 24 телеарнасы