Алматыға Кореяның ақылды технологиялары енгізілуі мүмкін

Алматыда корейлік ақылды технологиялар енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер қала Корея Көлік министрлігінің байқауында жеңіске жетсе, ауқымды жоба жүзеге асады. Таң тазалығы елі Алматыға қаржылық және техникалық қолдау көрсетеді. Мегаполисте Пучхон қаласының тәжірибесі қолданылады.

Пучхон – Оңтүстік Кореядағы 867 мың халқы бар шағын қала. Алайда мұнда басқа аймақтармен салыстырғанда бейнебақылау камералары көп. Бір шаршы километрге шаққанда камераның 240 данасы орнатылған. Шаһарда Wi-Fi-ға тегін қосылу мүмкіндігі де мол. Келер жылы интернетке ақысыз қосылуға болатын орындардың саны 6 мыңнан асады. Сол себепті тұрғындар көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлігін онлайн алады.

Ал мына жол бойындағы мониторлар көлік жүргізушілеріне көмектеседі. Ол қай көшеде кептеліс пайда болғанын, қалаған жерге қалай тез жетуге болатынын және жауын-шашын қашан жауатынын хабарлайды. Жергілікті әкімшілік ұялы байланыс операторлардан аобоненттер туралы ақпарат алуға келісті. Бұл қылмыспен күресуге мүмкіндік бермек.

Ким Ген Хи, Пучхон қаласы мэрия бөлімінің басшысы:

– Қаламызда коронавирусты жұқтырған адамдарды бақылайтын жүйе бар. Егер адам індет жұқтырып, қала ішінде қыдырып жүрсе, онда ондай азаматты камералар арқылы бірден анықтап аламыз. Алайда адамдар жеке мәліметтерді көпшілікке жария етеді деп қорқады. Бұл құпия ақпарат. Ол еш жерде жарияланбайтынын айтып кету керек.

Ақылды жобалардың бірі – тұрақ. Мобильді қосымша арқылы бос орындар туралы ақпарат алуға болады.

Мына картада қаладағы барлық автотұрақ көрсетілген. Оның ішінде жекенің қолындағылар да бар. Мысалы дүкеннің жанында тұрған автотұрақты басып, қанша бос орын барын көре аламыз. Мысалы бұл жерде 52 орынның 10-ы ғана бос.

Барлық көліктің нөмірлері әкімдіктің базасында тіркелген. Сондықтан автотұраққа кіру кезінде жүйе автокөлікті ұрланған-ұрланбағанын және салық қарызы бар-жоғын анықтайды. Бұл ақпарат автоматты түрде полиция мен салық комитетіне түседі.

Үкіметтің қолдауымен Пучхондағы оң тәжірибе Кореяның басқа да қалаларында және өзге де елдерде пайдаланып жатыр. Осы орайда Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда да ақылды жүйелер енгізілуде. Қазір бұл ретте Алматы қаласымен де ынтымақтастық орнату қарастырылып жатыр.

Авторлар: Владислав Цой, Ольга Лян