427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы Беларусь арқылы жүк тасымалдау қиындайтынын болжады

  • 140
  • UPD: 21:54, 25.05.2021
Сарапшы Беларусь арқылы жүк тасымалдау қиындайтынын болжады

Беларусь арқылы халықаралық теміржол тасымалына да шектеу қойылса, жағдай қиындай түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті біздің ұлттық компаниялар айтарлықтай шығынға ұшырайды. Қазақстандық сарапшы Лидия Пархомчук осындай пікір айтты. Әзірге шектеу тек ұшақпен жолаушылар тасымалына қатысты болып отыр. Таяуда ресми Минск қабылдаған шешім Еуропаның кей мемлекеттерін Беларусьтің әуе жолдарын пайдаланудан бас тартуға мәжбүрледі. Әрі «Белавиа» компаниясының бірнеше бағытта ұшуына тыйым салды. Минск халықаралық әуе хабы мәртебесінен айырылуы мүмкін. Арадағы текетірес ушыға түссе, серіктес елдерге де оңай соқпайды. «Мәселен, қазақстандық контейнерлер Беларусь жерінен әрі аса алмай қалуы ықтимал», дейді сарапшы.

Лидия Пархомчик, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

– Беларусь үшін қиын жағдай туып отыр. Оның соңы көлік-логистика саласында зор шығынға әкеп соқтырады. Егер әуе кемелері арқылы жүк тасымалдауға тыйым салынса, жағдай тіпті қиындайды. Қазақстан Беларусьпен теміржол саласында серіктес. Бірнеше жылдан бері Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға тауар тасымалданып келеді. Контейнерлік жүк ағыны төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, қазақстандық тауар тасымалдаушы компаниялар айтарлықтай кірісінен айырылады. Дегенмен, жағдай әлі ондай деңгейге жеткен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы