423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемейді

  • 210
  • UPD: 22:02, 25.05.2021
Шымкентте мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемейді

Шымкентте мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың бас санитар дәрігері бүгін жаңа қаулыға қол қойды. Балалар үшін емдік-сауықтыру шаралары ұйымдастырылады. Бірақ ондай орындарға келушілер саны 50 адамнан аспауы тиіс. Ұзақ уақыт жабық тұрған қаланың банкет залдарына да жеңілдік жасалды. Яғни таңғы 7:00-ден түнгі 2-ге дейін жұмыс істеуге болады. Шымкентте қазір жүзге жуық мейрамхана мен мерекелік зал бар.

Хабар 24 телеарнасы