Биылғы мамыр аптап ыстықпен есте қалады

Биылғы мамыр аптап ыстықпен есте қалады

Көктемнің соңғы айы аптап ыстығымен есте қалатын болды. Бірнеше күннен бері ел бойынша ауа температурасы 30 градустан түспей тұр.

Бүгін де синоптиктер аптап ыстық болатынын болжап отыр. Осыған байланысты 9 өңірде ескерту жарияланып, өрт қаупі жоғары аймақтарға сақ болу ескертілді.

Атап айтсақ, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды өңірі мен Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында сынап бағанасы 38 градусқа дейін жоғарылайды. Шыжыған ыстықтың артынан кей аймақтарда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыс пен солтүстікте бұршақ түсуі мүмкін.