427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда өрт-қолданбалы спорт бойынша республикалық турнир басталды

  • 60
  • UPD: 12:54, 26.05.2021

Атырауда өрт-қолданбалы спорт бойынша республикалық турнир басталды. Мұнайлы өңірге еліміздің түкпір-түкпірінен 10-нан астам команда жиналды.

Асланбек, Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасындағы бәсеке қалай өтіп жатыр?

Асланбек Шығыр, тілші:

- Бүгін Атырауда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында өрт-қолданбалы спорттан республикалық турнир басталды. Біз қазір «Самал» ықшам ауданындағы №13 өрт сөндіру бөліміндеміз. Мұнда 10 ерлер командасы, 8 әйел командасы келген екен. Барлығы 161 маман бүгін бақтарын сынамақ. 

Әрине кез келген оқыс оқиға, төтенше жағдайға сақадай сай болу, құтқарушы мен өрт сөндірушіге қойылатын басты талап. Мамандар өздерінің шеберліктерін шаршы алаңда емес, қызыл жалынмен арпалысып жүріп көрсетеді. Сондықтан үнемі шынығу олардың негізі жұмысы. 

Республикалық турнирдің бүгін алғашқы күні. Қазір әйелдер командасы жарысты бастады. Олар оқу-жаттығу мұнарасының 2-қабатына шабуыл сатысымен көтерілу керек. Жаны нәзік демесеңіз, мінеки, қайратты қыздардың қарқынына да куә болып тұрмыз. 3 күнге созылатын турнир шын мықтыны анықтамақ. Бүгін түстен кейін ерлер командасы осы оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатына көтерілетін болады. 

Құтқарушылар ертең кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту бойынша өз күштерін ортаға салады. Содан кейін «Мұнайшы» орталық стадионында өрт эстафетасы өткізіледі. 

ҚР ТЖМ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» кубогінің IV турнирі құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің шынығып, әрі әр оқыс жағдайға дайындығын пысықтайды. 

Айта кетейік, турнирдің бас төрешісі облыстық ТЖД басшысы Бержанов мырза. Енді турнир қорытындысымен алдағы уақытта ақпараттандыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы