Еліміздегі 52 мың баланың мүгедектігі бар

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрғын үй кезегіне тұру құқығы бойынша жаңа норма енгізіледі.

Енді мүгедек баласы бар отбасылар жасөспірім кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтауы мүмкін. Мұндай жанұялар кезекте 10 жылға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін баспаналы болмаса, онда мүмкіндігі шектеулі азамат қайта кезекке тұра алады. Осы норма 20 мыңнан астам отбасының баспаналы болуына мүмкіндік береді.

Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- 52 мың баланы іріктеп алдық. Бізде бүкіл диагнозы бар. Оның ішінде 1-топта 7700 бала, екінші топта 20 мыңдай бала. Қазір Денсаулық сақтау министрлігімен бірге өңірлермен жұмыс істеп жатырмыз. Ең көп 9 мыңдай мүгедектігі бар балалар Түркістан облысында. Жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ интеграция бойынша артта қалып келе жатырмыз.