Мүмкіндігі шектеулі балалардың жәрдемақысы 37% артады

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тағайындалатын жәрдемақы көлемі шамамен 17 проценттен 37 процентке дейін артуы мүмкін.

Бұл туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданды. Құжатқа мазмұнына сай 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделген. Бірақ ерекше болып танылған балаларды қайта куәландыру керек. Ата-аналарға қиын болмас үшін процедура мейлінше жүйелі болуы қажет, деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.