Елде көлікті қайта тіркеу немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкін болмай тұр

Қазақстанда көлікті қайта тіркеу немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкін болмай тұр. Себебі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының деректер базасы екі күннен бері істемейді.

Азаматтарға арналған үкімет корпарациясы мамандарының айтуынша, Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйесінде ақау шықты. Қазір оны жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Республика бойынша мамандандырылған халық қызмет көрсету орталықтарына күніне 15 мың адамға қызмет көрсетеді. Кідірістен кейін іске қосылған кезде келушілер легінің көп болатыны түсінікті. Корпорация мамандары жұмыс уақытын ұзартатынын айтты.

Жазира Маратқызы, «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметінің өкілі:

- Қашан қосылатынын біз нақты айта алмаймыз. Өйткені бұл база Ішкі істер министрлігіне қарасты. Олардың мамандары базаны іске қосқан сәтте біз қызмет алушыларға қызмет көрсете бастаймыз. Бронь алып қызмет ала алмаған клиенттерді сол броньдармен қабылдайтын боламыз. Егер клиент көп болса, біз соңғы клиентке дейін жұмыс істейміз.