426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттікті сан соқтырған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

  • 95
  • UPD: 15:34, 26.05.2021
Шымкенттікті сан соқтырған Алматы облысының тұрғыны ұсталды Liter.kz

Шымкенттікті сан соқтырған Алматы облысының тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, М. есімді ер адам Қытай елінен он күнде аккумулятор тауарларын әкеліп беремін деп оған уәде берген. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен екінші деңгейлі банк қосымшасы арқылы өзіне 680 мың теңге ақшасын аудартып алған.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Алматы облысының тұрғыны екені анықталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы