Шетелден оралған қандастарымызға бірден азаматтық берілуі мүмкін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мұны жоққа шығармады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшысы бұл мәселе қазір қызу талқыланып жатқанын айтты. Айта кетерлігі қазірдің өзінде «қандас» мәртебесін алу тәртібі біраз жеңілдетілген. Өзге елден оралған ағайынға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі.

«Отандастар» қоры таратқан мәлімет бойынша шетелде 7 миллионға жуық қазақ тұрады. Олардың бір жарым миллионға жуығы Қазақстанға оралғысы келеді екен. Министрлік шетелдегі қазақ диаспораларымен тығыз байланыста. Солардың сұранысымен 12 елде «қазақ тілі» бойынша 31 онлайн-сынып ашылған.