426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да электр ақысы 10% қымбаттайды

  • 81
  • UPD: 22:12, 26.05.2021
ШҚО-да электр ақысы 10% қымбаттайды

Енді аймақ тұрғындары тұтынған әр киловатына 11,5 теңге емес, 15 теңге төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тек жеке тұлғалар үшін. Өзгесіне оның құны екі теңгеге жоғары болмақ. Бәрінен де жарық үшін мемлекеттік мекемелер көп шығындалады. Олар 29 теңгенің орнына 35 теңгемен есеп айрылысады. Бұл жергілікті халық пен кәсіпкерлерге салмақ салмас үшін жасалып отыр дейді сарапшылар. Жаңа тарифті құзырлы органдар бекітті. Олар баға электр энергиясымен қамтып отырған компания ұсынғаннан әлдеқайда төмен екенін айтып отыр. 

Тимур Оразов, «Шығысэнерготрейд» компаниясының қаржы директоры:

- Сәуір айынан бастап электр станциялары тарифті өзгертті. Өңір бойынша өсім 22 процент болды. Біздің компания электр энергиясын сатып алып, облыс тұрғындарын қамтамасыз етеді. Энергия қымбаттаған соң біз де тарифті көтеру туралы ұсыныс жасадық.

Хабар 24 телеарнасы