Биыл қазақстандықтар қажылыққа бара алмайды

Сауд Арабиясы қажылыққа келетін жамағат үшін талапты қатаңдатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес биыл мұсылмандар бес парызының бірін орындауы үшін батыс елдерінде өндірілген Файзер, Астразенека, Джонсон және Модерна вакциналарын салдыруы керек. Ал Спутник V, Хаят және отандық Казвакпен егіліп жатқан қазақстандықтардың қасиетті жерге баруы екіталай. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлады. Оның үстіне Сауд Арабиясы елге келген азаматтар тек тікелей рейспен ұшып келуі керек деп талап қойып отыр. Сондықтан жерлестеріміз сауапты сапарға бармай қалуы да мүмкін.

Еске салайық, биыл қажылық 17 шілдеде басталады.