Оралда субұрқақтар жөндеуден өтіп жатыр

Оралда 25 субұрқақтың жартысы істен шығып, тоқтап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта қазір аптап ыстық: сынап бағанасы 37 градус шамасында. Ал қала бойынша субұрқақтар тек жаңа шағын аудандар мен Тұңғыш Президент алаңында істеп тұр. Қалғаны қашан іске қосылады?

Жайықтың жағасындағы бұл субұрқақ 2016 жылы іске қосылып еді. Жергілікті кәсіпкерлер бекіре бейнеленген композиялық мүсінді сыйға тартқан. Биыл бұл нысанда жөндеу жұмыстары басталды. Егер бұл бұл нысанның төлқұжатындағы мәліметке сенсек, жөндеу жұмыстары тек қараша айында аяқталады екен.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы субұрқақ та қазір тоқтап тұр. Жуырда жөндеу жұмыстары басталыпты. Басшыларының айтуынша, соңғы 20 жылда бірде бір рет жөндеу көрмеген екен. Тұрғындарының сүйікті орындарының бірі кешікпей адам танымастай күйге енбек.

Жасұлан Сәкенов, қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры:

Трубалары, моторлы, насостары барлығы ауысады. Және шоу бағдарламасы да ауысады. Оған мамандар Мәскеу қаласынан келеді. Маусым айының ортасына қарай фонтанды толықтай іске қосамыз деп отырмыз. Жөндеуге 18 млн-ға жуық қаражат қазір.

Адамдардың аптап ыстықта сая табар жерлері жалғыз бұл емес. Қала бойынша барлығы 25 субұрқақ бар. Алайда олардың он төрті қазір жөнделіп жатыр. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 300 миллионға жуық қаржы бөлініпті. «Күн болса күйдіріп барады. Мұндай кезде субұрқақ маңында серуендеп жүрген не жетсін. Сондықтан, бәрі істеп тұрса», дейді тұрғындар.

Даниил Лукьянов, қала тұрғыны:

Ұлыммен бірге серуендеп жүрмін. Субұрқақтардың, әсіресе, мереке күндері маңызы арта түседі ғой. Былайғы кезде бәлкім қажет те болмас. Дегенмен, мынадай ыстықта істеп тұрғаны дұрыс деп санаймын.

Қабылай Нұрмақов, қалалық ТҮКШ бөлімі абаттандыру секторының басшысы:

– Бүгінгі таңда аталған субұрқақтар бойынша чагано-набережный, Жайық өзенінің жағасындағы субұрқақ және Чапаев ескерткішінің маңындағы субұрқақтар жөндеуде жабылып жөндеу жүріп жатыр. Сонымен қатар Сырым Датов ескерткіші аяқталды іске қосылып жұмыс жүріп жатыр. қаламыздағы субұрқақтарды жөндеу биыл аяқтау жоспарда.

Қала микроклиматын қалыпта ұстауда арықтардың да маңызы зор. Қала бойынша жалпы ұзындығы 7 шақырымдай болатын үлкен және кіші айналма арық жүйесі бар. Қазір осы нысандарға су жіберу жұмыстары басталыпты.

Авторлар: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Сондай-ақ...