Қазақстан – Ресей теңізшілері оқу-жаттығу жиынын өткізді

Каспий теңізінде содырлар әскери кемелерге қауіп төндірді. Олар әуеден де, су үстінен де шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұздай қаруланған бұзақыларға тойтарыс беру үшін қазақстандық жауынгерлерге ресейлік әріптестері көмекке келген. Каспий акваториясында өткен кезекті оқу-жаттығу жиыны осындай сценарий бойынша өрбіді. Бір апта бойы қос елдің теңізшілері төтенше жағдайға дайындығын пысықтап, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ теңіз күзетінде қолданылатын әскери техниканың әлеуеті сыналды.