Елімізде киіктердің саны 842 мыңнан асты

Қазақстанда киіктердің саны екі жылда 252 процентке өсіп, жалпы саны 842 мың бастан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы эколог Сәкен Ділдахмет өзінің facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, бір жыл бұрын ақбөкендердің саны 334 мыңнан астам болған.

Айта кетерлігі, елімізде киіктер жойылу қаупі бар жануарлар тізімінде. Оны атқандар заң алдында жауап береді.