Атырау мен Амстердам арасындағы рейс қайта ашылады

Air Astana 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Нидерланд үкіметінің жыл басындағы шектеулері салдарынан тоқтатылған Атыраудан Амстердамға қатынайтын тікелей рейсті қайта қосады.

Рейс аптасына бір рет әр бейсенбі сайын Airbus A321 ұшағымен орындалады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша Атыраудан таңғы сағат 05:40-та ұшып, Амстердамға 07:50-де қонады. Ал Амстердамнан 11:50-де ұшқан ұшақ Атырауға жергілікті уақыт бойынша 19:40-та келеді. Ұшу уақыты – 5 сағат 10 мин және 4 сағат 50 мин.

Атырау-Амстердам рейсі қазір әр сәрсенбі сайын орындалып жатқан Атырау-Франкфурт рейсін толықтырмақ.