Есірткі сатқан жамбылдық жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

Есірткі сатқан жамбылдық жеті жылға дейін сотталуы мүмкін
malim.kz

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан тұрғын жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Биылғы 26 сәуірде Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сақтаумен айналысатын ер адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осылайша Шу ауданында 46 жастағы жергілікті тұрғыннан салмағы бір келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.