427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте адам саудасымен айналысқан топтың соты басталды

  • 99
  • UPD: 14:30, 27.05.2021

Шымкентте төрт жыл бойы адам саудасымен айналысып, қыздарды жыныстық құлдыққа мәжбүрлеген трансұлттық топтың соты басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер қатарында 12 әйел мен 4 ер адам бар. Олар Қазақстан, Ресей және Қырғыз елінің азаматтары. Сот алдында жауап беріп жатқандар 38 қыз-келіншекті Байхрейнге «жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастырамыз» деп алдап әкеткен. Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар да бар. Сот процесі Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жабық түрде жүреді. Күдіктілердің мүддесін 16 адвокат қорғайды. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 29-бабы бойынша тіркелген бұл іс 150 том болды.

Жәбірленуші:

– Мен ол кезде 18-ге де толмаған едім. Олар менің құжаттарымды заңсыз реттеп, 18 жасқа толған етіп көрсетті. Сондай-ақ аты-жөнімді де өзгертті. Маған сонда жұмыс ісеген құрбым хабарласып келе жатсың ба де сұрады. «Мен не істеуім керек» деп едім. «Қаш» дейді. Мен үйге келе салып анам мен бауырларыма бар жағдайды айтып түсіндірдім. Сүйтіп үйден 2 ай уақыт шықпай қойдым. Ал олар сол аралықта мені іздеп, қоңырау шалып, түрлі хаттар жолдап, қорқытпақ болды. Түрлі қысым әрекеттер жасады.

Хабар 24 телеарнасы