Оралда өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

Оралда өгей қызын зорлады деп айып тағылған 33 жастағы ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімге қатысты іс болғаннан кейін сот жабық режимде өтті. Сотталушының қылмысы куәгерлердің сөзімен және арнайы сараптамамен дәлелденген. Оған Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша айып тағылған еді. Бұл баптар бойынша 20 жыл ауыр жаза саналады. Жәбірленуші тарап та сот үкімімен толық келісті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бақыт Ермаханов​, облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Аймағамбетовке түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіз мекемесінде өтеу жазасы белгіленді. Аймағамбетовке педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ...