Жетісу жерінде жыл соңына дейін 28 мектеп салынады

Алматы облысында биылға 28 мектептің құрылысы жоспарланған, соның 19-ы үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында салынады.

Сонымен қатар жеті мектеп іске қосылды, соның төртеуі үш ауысымды мектептердің орнына пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Білім беру саласында педагогтарға, оқушылар мен студенттерге қашықтан оқу мен жұмыс істеу технологияларын меңгеруге тура келді. Біз облыс бойынша 81 мың компьютер сатып алуға 12,3 млрд теңге бөлдік, 24 мың мектеп компьютері мұқтаждарға уақытша пайдалануға берілді. Демеушілер қаржысы есебінен қосымша 2110 бірлік оргтехника берілді, – деді А.Баталов.

Сол сияқты ол өз сөзінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98% жеткенін де атап өтті. «Тағы 166 балабақша ашып, қамту деңгейін 2022 жылға қарай 100%-ке жеткіземіз», – деді спикер.