427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту үшін бірнеше жоба әзірленіп жатыр

  • 92
  • UPD: 13:42, 27.05.2021
Жастарды тұрақты жұмыспен қамту үшін бірнеше жоба әзірленіп жатыр

Елде жоғарғы оқу орнын бітіргендердің көбі мамандық бойынша жұмысқа орналаспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни оқу орындарына берілетін мемлекеттік тапсырыс еңбек нарығындағы сұранысқа сай емес. Сондай-ақ оқу бағдарламалары да өндірістің талаптарына сәйкес келе бермейді. Сондықтан оқуды жаңа тәмәмдаған жастардың өзі қайта оқытуға жіберіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің дөңгелек үстелінде талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, 2025 жылға қарай Қазақстанда еңбек нарығы тағы 1,5 миллион адамға толығып, оның 80 процентін жастар құрайды. Оларды тұрақты жұмыспен қамту үшін бірнеше жоба әзірленіп жатыр. Соның аясында ведомства 589 мамандықтың стандартын жасап, Білім және ғылым министрлігіне ұсынған. Нәтижесінде университеттер 326 оқыту бағдарламасын әзірледі. Бұған қоса Дүниежүзілік банктің мамандықтар атласы негізге алынып, оның ішіндегі жаңа 20 мамандық та оқытылмақ.

Хабар 24 телеарнасы