Қай өңірлерде бизнес субъектілер карантин талаптарын жиі бұзады

Карантин талаптарының сақталуын бақылайтын топтар 90 мыңға жуық рейд жүргізді.

Тексеру нәтижесінде шектеу талаптарын бұзған 15 679 нысан анықталды.

Тәртіпті жиі бұзатын кәсіпкерлердің бестігінде Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының бизнес субъектілері бар.

Жыл басынан шамамен 9 мың нысанға және 7 мыңға тарта жеке тұлғаға айыппұл салынды.